Жаңалықтар

Танымал саясаткер Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды

Танымал саясаткер Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды
Фото: Әлеуметтік желі 03.03.2024 09:00 12494

Танымал саясаткер, журналист және сарапшы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.

1969-1975 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі,

1975-1976 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері,

1976-1978 жылдары - Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы,

1978-1986 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы,

1986-1991 жылдары - Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі,

1991 жылы - «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары,

1991-1993 жылдары -экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары,

1993-1994 жылдары - «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы,

1994-1995 жылдары - «Арай-Заря» журналының бас редакторы, 1995-1999 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы,

1999 жылдың қаңтарынан - «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы,

2002-2003 жылдары - «Эпоха» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жылдары - «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы қызметтерін атқарған.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.

«Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации» атты кітаптарының авторы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға