30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБір кездері әлемнің сән подиумдарында жүріп, әйгілі брендтердің киімдерін көпшілікке таныстырған Шыңғыс Таңатпаев бүгінде әскери форма киіп, Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүр.
Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Таңатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойы мен келісті келбеті оны сән индустриясына жетелеп, халықаралық подиумдарға жол ашты. Ол Францияның танымал Pierre Cardin сән үйінің, Италияның Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің киімдерін көрсетіп, әлемнің түрлі елдерінде өткен сән көрсетілімдеріне қатысты.
Сән әлеміндегі жарқын мансаптан кейін Шыңғыс әскери қызметті таңдады. Бүгінде оның подиумдағы нық қадамын саптағы әскери жүріс алмастырған.
Бір қарағанда, модельдік өнер мен әскери қызметтің арасы жер мен көктей көрінуі мүмкін. Алайда олардың арасында ортақ қасиеттер аз емес. Ол — тәртіп, жинақылық, жауапкершілік және өзіне деген сенім. Подиумда өзін еркін әрі сенімді ұстай білу қажет болса, әскери қызметте әр қимылға жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырманы дәл орындау маңызды.
Қатардағы жауынгер қазіргі уақытта Қарағанды қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүр. Күн сайын әскери міндетін абыроймен атқарып, бұқаралық іс-шаралар кезінде және адам көп шоғырланған орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды.
Қызмет барысында тұрғындармен тікелей байланысып, түрлі жағдайларда көмек көрсетуге де атсалысады. Сарбаз ата-анасынан адасып қалған балаларды тауып, оларды жақындарына табыстауға, сондай-ақ тұрғындардың жоғалған бағалы заттарын қайтаруға көмектескен.
Шыңғыстың өмір жолы – адамның бір салада жетістікке жетіп қана қоймай, жаңа ортаға бейімделіп, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқара алатынының көрінісі. Кеше ғана сән сахнасында өнер көрсеткен жас бүгінде ел тыныштығын күзетіп, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосып жүр.
Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзету қызметін атқарады. Ал шахтерлер қаласында бұл міндетті орындауға күн сайын 250-ден астам сарбаз жұмылдырылады.
Біз бұған дейін запастағы 3 мың адам әскерге шақырылғаны туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды