Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысының прокуратурасы жарты миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жіксіз болат құбырларын өндіруші «KSP Steel» ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жасаған. ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған. Бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 млн орнына 9,7 млн ғана төлеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеген. Онымен ЖШС келіспеген және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданған.
2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы сот облыс прокуратурасының кассациялық өтініш хатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды делінген облыстық прокуратура мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді