Жаңалықтар

Салық жеңілдетіледі. Министр сүйінші жаңалық айтты

Салық жеңілдетіледі. Министр сүйінші жаңалық айтты
Фото: t.me/KZgovernment 10.01.2024 18:37 1149

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге жүргізілген жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі мақсатымыз шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету болатын. Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде Үкімет қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Бұл дегеніміз бизнес КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді  бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет, - деп жазды министр.

Мәдениет және ақпарат саласында салықты жеңілдетудің қаншалықты маңызды екенін айтты.

Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді. Осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдағанымызды атап өткім келеді. Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі креативті индустрияны дамыту үшін салықты  жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді. Аталған жұмыс саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі. Бұл осы саладағы игілікті бастамалардың бірі деп білеміз, - деп жазды министр Аида Балаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға