6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Қарағанды облысында орналасқан Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президентімен хабарласқан Шавкат Мирзиеев осы оқиғаның салдарын жою үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Өзбекстан президенті шахтада қалған кеншілерді тезірек құтқаруға үміттенетінін және осы оқиғаның салдарын жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - делінген аталған ел басшысының ресми сайтында.
Сондай-ақ телефон арқылы екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апаттан 33 кеншінің денесі табылды. Қалған 13 адам әлі іздестіріліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі