Жаңалықтар

Қарағанды шахтасындағы апат құрбандарының саны 33-ке жетті

Қарағанды шахтасындағы апат құрбандарының саны 33-ке жетті
Фото: ©El.kz 28.10.2023 19:35 543

Соңғы деректерге сәйкес, Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қайтыс болғандар саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, әлі 13 адам іздестіріліп жатыр.

Қазіргі сәтте Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан 33 шахтер қаза тапты. 13 кенші із-түзсіз кеткендер қатарында. Ақпаратты алған сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық, - деді облыс басшысы.

Апатқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Костенко атындағы шахтадағы жарылыс 28 қазанда 02:33-те орын алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға