10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұған дейін жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің тойлардың бірінде масайып қалып, сонан соң қонақтармен төбелесіп жүрген видеосы желіде тараған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайтқа қатысты әншінің өзі пікір білдіріп, көпшілікті бейнежазбаға сенбеуге шақырды.
Оқи отырыңыз:
Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қалайсыздар? Бүгін сонау Алматыдан Арқалық деген қалаға тойға келдік. Жұмыстың тығыз болуына байланысты кеше қайда болғаным, өкінішке қарай, есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласындамыз. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Келгенше желі ұстамады. Діттеген жерімізге жетіп, телефонды қоссам, әлеуметтік желі мен туралы шулап жатыр екен. Дос-жаран, туған-туыс, оқырман хабарласып, жағдайымды сұрап жазып жатыр. Жағдайым жақсы. Видеодан көргендеріңіздей қатты ештеңе болған жоқ. Ондай жағдайларға етіміз үйреніп қалған шығар. Мұндай видеоларға сене берудің қажеті жоқ. Ол жерде расы да бар, өтірігі де бар. Сондықтан көріп тұрғандарыңыздай бәрі жақсы. Аман болыңыздар, сау болыңыздар, – деді Қамиев.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Ұланғасыр Қамиевтің алдымен үйлену тойында ән айтып, сонан соң мас әрі жартылай жалаңаш күйде соққыға жығылғанын көруге болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді