Жаңалықтар

Желіде әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде төбелескен видеосы тарады

Желіде әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде төбелескен видеосы тарады
31.07.2023 15:28 2966

Соңғы жылдары танымал бола бастаған әнші Жетісу облысының Үшарал қаласындағы тойда масайып қалып, қонақтармен төбелес шығарған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Ұланғасыр Қамиевтің алдымен үйлену тойында ән айтып, сонан соң мас әрі жартылай жалаңаш күйде соққыға жығылғанын көруге болады.

Оқи отырыңыз:

Оқырмандар бұл оқиға 29 шілдеде болғанын жазып жатыр.

Өңірлік полиция Алакөл аудандық полиция бөліміне бұл іске қатысты арыз түспегенін алға тартты.

Дегенмен тексеріс барысында әртістің мерекелік іс-шарада мас күйде болғаны расталды. Той халал өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға