10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев жаңа Үкімет басшысы Олжас Бектеновқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат «Олжас Бектеновтан не күтеміз? Ең бірінші, өткен Үкіметтің қателігін қайталамауды күтеміз. Күткеннен кейін оны біз талап етеміз. Өйткені Үкіметтің және Үкімет басшысында қандай да бір қателік кететін болса, ең бірінші таяқтың бір ұшы «Amanat» партиясына тиеді», деді мәжілісмен.
Өйткені, біз ұсынған кандидат. Ең алдымен әлеуметтік-экономикалық блогтың күшейуін күтеміз. Себебі халықтың әлеуметтік жағдайы нашар. Жаңа ғана Мемлекет басшысы бізге халықпен кездесіп келгеннің өзінде бірқатар бастамалар ұсынып, мәселелерін айттыңыздар деді. Сондықтан да елдің кедейшілік мәселесін, ең төменгі жалақының өзгеруін және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруын күтеміз, – деді жаңа Үкімет басшысынан депутат.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жұмысына жоғары баға бергенін жазған едік.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді