19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.
Оқи отырыңыз:
Бұл жаттығуда Вивьен Джой Джегги (Швейцария) әлем чемпионы атанды. Ол біздің Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде.
Айта кетейік, жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен Әлем Кубогында жеңіске жеткен.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары