Жаңалықтар

Жеңіліп көрмеген британдық Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жеңіліп көрмеген британдық Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly 20.07.2023 10:00 917

Британ боксшысы Феликс Кэш (16-0, 10 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (14-0, 9 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sports.kz порталы мәліметінше,  таяуда Кэштің промоутері Эдди Хирн қолында Әлімханұлының өкілдерінен айқасқа шығу туралы ұсыныс келіп түскенін айтты.

Осыдан кейін Феликс әлеуметтік желілерде Хирн, Top Rank пен «Қазақ стиліне» үндеу жолдап, айқасқа шақырды.

Ешқандай жауап ала алмаған Кэш Жәнібекке кезекті сауалын жолдады: «Top Rank, Qazaq Style айқасқыларың келе ме, әлде...?», - деп жазды ол Twitter-де.

Феликс Кэш өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда Англияның Лидс қаласында өткізіп, португалиялық Келсо Невештен (9-4-2, 2 КО) ұпай саны бойынша басым түскен еді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы мамырда Стоктонда (АҚШ, Калифорния штаты) рингке шығып, канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға