13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз23 ақпан күні таңғы сағат 10:00-де қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ертең 23 ақпанда, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында таңғы сағат 10:00-де Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын алдын ала айқындау керек, - деді Нұрлан Атығаев.
Ол дайындық кезінде қалай әрекет ету керегін еске салды:
- Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жерлер.
- «Барлығына, назар аударыңыз!» сигналын естігеннен кейін, сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.
- Төтенше жағдайларға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады. Аталған бекеттер халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруға, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызып және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған, - дейді департамент басшысы.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды