28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.
Ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов гол соқты.
Матчты тамашалауға елордадағы «Астана-Арена» стадионына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.
Сондай-ақ ойынды тамашалауға мұхит асып Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?