Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 шілде күні сағат 9:50-де Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді