Жаңалықтар

Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалды

Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.07.2023 14:30 1240

Алматыда жас келіншек үш баласының көзінше пәтерінде асылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Мамыр» шағынауданында өзіне қол жұмсаған әйел туралы қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай жан-жақты тергелуі тиіс, өйткені жас әйелдің шарасыздықтан балаларын тастап, өмірін үзуіне қандай да бір себеп болуы керек.

Көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.

«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға