10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналист Дана Орманбаеваны іздестірумен Интерпол айналысып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Дана Орманбаеваның Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ұлттық алауыздықты қоздырды деген айыппен іздеуде екенін растады.
Барлық тергеу шаралары оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл іспен Интерпол айналысып жатыр. Қазіргі уақытта оның қайда екенін нақты айта алмаймын. Әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден оқиғаларға пікір білдіріп жатқаны жазылуда, бірақ бізде бұл ақпараттың шынайылығын растайтын дерек жоқ, — деп түсіндірді Қойгелдиев.
Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді