Журналист және блогер Дана Орманбаеваға іздеу жарияланды

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан
25.01.2025 17:49
717
Қазақстандық журналист және блогер Дана Орманбаеваға ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып, іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сот күдіктіге қатысты сырттай «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сонымен қатар, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланғаны туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта журналист басқа елде тұрып жатыр.
Бөлісу:
