Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы болып аталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Альпиниада Қазақстан альпинизмінің 93 жылдығына орай өткізіледі. Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына 4376 м (1930-1935 жж. Алматы шыңы, 1935-1997 жж. Комсомол шыңы, 1997-2023 жж. Нұрсұлтан шыңы) көтеріледі, – делінген «АЛМАТЫ-2023» халықаралық Альпиниаданың хабарламасында.
8-9 шілдеде «АЛМАТЫ-2023» халықаралық альпиниадасы өтуі тиіс еді. Алматы қаласы Альпинизм федерациясының сайтында жарыстың тиісті ережесі жарияланды. Құжатта альпиниаданың соңғы нүктесі Алматы шыңы болатыны айтылған, бірақ дәстүр бойынша барлығы Нұрсұлтан шыңына шығатын. Түсініктемеде шыңның атауы өзгергені жазылған.
Оқи отырыңыз:
Еске салайық, бұған дейін шыңның атауы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілген болатын. Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні – 6 шілдеде маусым ашылып, жаппай шыңға көтерілу іс-шарасы өткізілетін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?