22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты. БАҚ өкілдері министрге «Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс неліктен ұзаққа созылып кетті және оның жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?» деген сауал қойды.
Біз соттың ісіне жауапты емеспіз. Қылмыстық іс қозғалған. Алдағы уақытта сот шешім шығаратын болады. Ешкім де қашып кетпейді. Мен қылмыстық іс бойынша түсініктеме бере алмаймын, бұл үшін қылмыстық қудалау органдары бар. Сот шешеді. Мен үшін барлық сарбаз бірдей. Бұзақылық жасағандары болсын, өте тамаша жігіттер болсын, мен үшін барлығы өзімнің балаларымдай. Егер ол бұзақылық жасаған болса, онда жауапқа тартылады. Ешкім қашпайды, жасырынбайды. Заң бар, соған сәйкес бәрі шешіледі, - деді министр.
Еске сала кетсек, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.
Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілген болатын.
Бұған дейін оған қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын жазғанбыз.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев