Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБокстан Қазақстан командасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов 63,5 келі салмақта өтетін спаррингтік кездесулер туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейнуллинов 63,5 келіде жазғы Азия ойындарына қатысып, ширек финалда жеңілген еді. Алайда соңғы ел Спартакиадасына қатысқан жоқ.
Азия ойындарынан кейін мұрнымның сынуына байланысты Қазақстан Спартакиадасынан сырт қалдым. Италиядағы лицензиялық жарысқа Мұхаммедсабыр Базарбайұлы барды. Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Мен ешкімге де жамандық тілемеймін. Олимпиадаға кім барса да, еліміздің абыройын қолдан бермесін деген пікірдемін.
Ал спаррингтік турнирге келер болсам, бұл бәсеке бәріміз үшін де жақсы мүмкіндік. Жанкүйерлер үшін де, боксшылар үшін әділетті шешім болары сөзсіз. Негізі, әйтеуір бір спаррингтің өтетінін білгем. Бірақ дәл осындай форматта болады деп күтпедім. Қазір жаттығу жоспарын өзгертіп, тынбай дайындалудамыз.
Қарсыластарға тоқталсам, Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен ғана жұдырықтастым. 2022 жылы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жол бердім. Басқа боксшылармен бұрын-соңды рингте кездесіп көрмегем, - деді Ертуған.
Айта кетелік, 63,5 келідегі спаррингтік турнир 8-11 сәуір аралығына жоспарланған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?