Жаңалықтар

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын боксшылар спарринг арқылы анықталады

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын боксшылар спарринг арқылы анықталады
Фото: ҚР ҰОК 28.03.2024 10:46 2300

Бокс федерациясы Олимпиаданың іріктеу ойындарына қатысатын боксшыны спарринг арқылы анықтамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында 8-10 сәуір аралығында 63,5 келі салмақ дәрежесінде Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирде арнайы жоспарланған ресми спаррингке мына боксшылар қатысады:

1) Мұхамедсабыр Базарбайұлы,

2) Ертуған Зейнуллинов,

3) Серік Теміржанов,

4) Дулат Бекбауов,

5) Жандос Қыдыралиев,

6) Төрехан Сабырхан

Салмақ өлшеу күнде сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін.

Жекпе-жектер күнде сағат 16:00-де өтетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға