Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгісіз біреулер депутаттың пәтерінің алдында тұрған бесік арбаны өртеп кеткен.
Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын пәтеріміздің есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік, - деп жазды белгілі заңгер.
Айта кетейік, Бақытжан Базарбек Ерменсайдағы 860 га жердің жеке меншікке өтіп кеткенін айтып, дабыл қаққан болатын. Кейіннен тау бөктелеріндегі жоталарға қорғаныс саласының генерал-мойоры Павел Новиков иелік ететіні белгілі болды.
Депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс қабырғасында жер телімдеріне қатысты даулы мәселелерді көтеріп, белсенді түрде депутаттық сауал жолдап жүр. Ол жолдаған депутаттық сауалдарды назарларыңызға ұсынамыз:
Алматының әкімдері мен Назарбаевтың адамдарының кесірінен 70% алма бағынан айырылдық – депутат
Болат Назарбаевтың ықпалы бар: Алматы облысында бүтін бір ауыл бір отбасының меншігіне айналған
Алматының таулары кімнің меншігіне өтіп кеткен?
Әкімдіктер 24 млрд теңгені жоқ қылған: депутат Бас прокуратураға шағымданды