Жаңалықтар

Әкімдіктер 24 млрд теңгені жоқ қылған: депутат Бас прокуратураға шағымданды

Әкімдіктер 24 млрд теңгені жоқ қылған: депутат Бас прокуратураға шағымданды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.06.2023 12:01 679

Депутат Бақытжан Базарбек Бас прокуратураға 24 млрд теңгені жоқ қылған сегіз облыстық әкімдікке қатысты шағым түсірген

Мәселе мынада, бюджет қаражаты мақсатсыз бағытта пайдаланылып жатқаны анық. Кеше мен Бас прокуратураға сегіз облыс әкімдігіне қатысты шағым жолдадым, онда инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген 24 млрд теңге жоғалып кетті. Бұл ақша қайда? Адамдар жер учаскелерін күтіп отыр ғой. Айтыңызшы, осы сұрақтардан кейін мен Үкіметке қалай риза болуым керек? – деді депутат.

Мәжілісмен бұл қай облыстар екенін де атады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанау, Ақмола, Жетісу және Жамбыл облыстары. 2021 жылы сегіз облыс әкімдігіне 51 млрд теңге ақша бөлінген, біреуне 5 млрд, біреуіне 8 млрд, оның ішінде 48 млрд теңге игерілді. 48 млрд-тан 24 млрд-қа жұмыс орындалған, ал 26 млрд-қа ешкім есеп берген жоқ. Бұл инженерлік желілер қайда? Адамдар жер учаскелерін әлі күтіп отыр. Одан қалды 2023 жылы 61 млрд, 2024 жылы 54 млрд теңге бөлінеді. Ал біз 2022 жылы бөлінген ақшаның қайда кеткенін білмейміз. Бұл республикалық бюджеттің қаражаты.

Шынын айтқанда, Антикор бұл жайлы білмейді де. Мен кеше Бас прокуратураға жаздым, олар әрі қарай Антикорге береді деп үміттенемін, - деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға