20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖыл басынан бері Абай облысының Полиция департаментіне із-түссіз жоғалған азаматтарға қатысты 155 өтініш түскен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 151 адамның мекенжайы анықталды.
Қазіргі уақытта 4 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әрбір жағдай бойынша учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция қызметкерлері, еріктілер мен басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған.
Талдау көрсеткендей, жоғалғандардың басым бөлігін кәмелетке толмағандар мен психикалық дертке шалдыққан азаматтар құрайды.
Мұндай жағдайларға көбінесе отбасындағы келіспеушіліктер, эмоционалды тұрақсыздық және назар аударуға деген қажеттілік себеп болады.Жедел әрекет ету, туыстарымен бірлескен жұмыс, азаматтардың көмегі мен заманауи технологияларды қолдану арқасында жоғалған адамдардың басым бөлігі қысқа мерзімде табылуда.Полиция департаменті азаматтарды жақын жандарға, әсіресе балалар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Оқи отырыңздар:
Адам жоғалған жағдайда ішкі істер органдарына дереу хабарласу қажет – ақпараттың дер кезінде түсуі оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?