Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, үйленгеннен кейін Салтанат оны балағаттап, ыдыс-аяқ сындырып, Бишімбаевты өзі ұра бастаған.
Сонымен қатар ол Салтанаттың бет-жүзі көгерген суреті жайлы айтты.
Сол кезде ол мені бірінші рет ұрды. Содан соң татуластық. Бұл жанжал 20 наурыз мереке қарсаңында болды. Демалыста түнге дейін кездесу өткіздім. Мұнда көрсетілген сурет бізге беймәлім. Ол өңделген болуы мүмкін. 20 наурызда оған ешқандай зақым келген жоқ, - деді Бишімбаев.
Фото: t.me/Jogargy_sot
Бұған дейін сот отырысында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Салтанаттың бет-жүзі көгерген суретін көрсетіп, Бишімбаев оны жиі ұрғанын айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді