Жаңалықтар

Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанаттың таяқ жеген суретін көрсетті

Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанаттың таяқ жеген суретін көрсетті
Фото: Видеодан кадр 29.03.2024 11:30 699

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған суретін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, ол бірнеше күннен кейін қарындасы соққыға жығылғанын суретін жібергенін жеткізді.

20 наурызда жұмыстағы қызметкерлер үшін Балқарағайда тимбилдинг ұйымдастырдық. Ешқандай ішімдік ішпедім. Сол күні үйге 12-лерде келдім. Телефоныма көп қоңырау мен хат келген. Телефонымды ашқанда мына суретті көрдім. Мен бұл суреттерді Салтанаттан алдым. Оны кешкі 22.00 шамасында жіберген. Салтанаттың бетінен жұдырықпен ұрған. Салтанат үшін, оның жағдайы үшін қорықтым. Оған бірден хабарластым. Түн уақыты еді, телефонын алмадым. Уайымдап, Қуандыққа хабарластым, - деді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелдіні Қуандық үйіне сөйлесуге шақырған. Үйіне барған соң Салтанатты іздеп таба алмаған. Сот отырысында Айтбек Амангелді 2023 жылдың наурыз айында болған оқиғаны жеткізіп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға