Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ұлттық қорғаныс университетінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға арнайы шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Гроссмейстер спорттың ерекшеліктері және оның адам мінезіне әсері туралы айтты. Шахмат миды жаттықтырады, зейінді барынша бір жерге шоғырландыруға көмектеседі, шығармашылықты дамытып, проблемаларды шешуге үйретеді, деп түсіндірді белгілі шахматшы.
– Шахматта, әскери іс сияқты, онда тактика да, шабуыл да және қорғаныс та бар, – деді ол.
Кездесу соңында Бибісара Асаубаева шахматты жаңа үйреніп жүргендермен шахматтың жылдам партиясын өткізді. Кездесуге қатысушылар оған қызықты кездесу өткізіп, шахмат техникасы мен тәсілдерін меңгеру үшін пайдалы кеңестер бергені үшін алғыс айтты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер