Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді
Фото: kazsports.kz 27.01.2023 14:35 977

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол өзінің салқынқандылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жетті.

Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, нәтижесі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға