Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана тұрғыны Моңғолиядан көлік жеткіземін деген желеумен 15 адамды алдап кеткен. Жәбірленушілердің бірі алаяққа 22 млн-ға жуық теңгесін берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, алаяқтың қолынан Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шеккен.
Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген ер адам жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсап үлгерген. Ақшаның бір бөлігін тұтынушыларға көлік сатып алуға жұмсап, ал қалғанын ысырап жасаған.
Полицияға Қарағанды облысының тұрғыны хабарласып, көлік сатып алу үшін алаяққа 21 миллион 700 мың теңге ақша бергенін айтқан. Келесі бір адам көлік алу үшін 3 миллион 300 мың теңге берген.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысты деген күдікпен қала тұрғынын ұстады.
"Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады