Жаңалықтар

Павлодарда 25 жастағы әйел тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

Павлодарда 25 жастағы әйел тұрғындардың атынан несие рәсімдеген
Фото: © Pixabay.com 26.02.2024 10:16 372

Павлодарлық әйел тұрғындардың дербес дерегіне қол жеткізіп, аттарына несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік полиция департаментінен хабарлауынша, 25 жастағы әйел адам азаматтардың зейнетақы қорында жиналып қалған ақшасын шығарып беремін деп алдап, дербес деректерін сұрап алып, олардың атына тауарлық несие рәсімдеген.

Полиция интернет арқылы алаяқтық әрекет жасайтындар тыйылмай тұрғанына алаңдаулы. Әлеуметтік желі арқылы жүргізуші куәлігін, медициналық анықтамаларды және әскери билеттерді жасау туралы хабарландырулар да анықталған.

Соңғы күндері тәртіп сақшыларына алаяқтың қармағына ілініп, сан соғып қалған 20-дан астам павлодарлық жүгінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға