Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада автобус апатынан зардап шеккен сегіз жастағы Алуа Бекенге мемлекет тарапынан жәрдемақы тағайындалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.
Қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оңалту шаралары аяқталғаннан кейін, балаға мүгедектік белгіленсе, республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, – деді вице-министр Виктория Шегай.
Ведосмства өкілінің сөзінше, баланың анасына да мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасау үшін тиісті жәрдемақы төленбек. Жәрдемақының нақты көлемі мәселесі жеке түрде, еңбекке қабілеттіліктің жоғалу деңгейіне байланысты анықталатынын жеткізді.
Оқи отырыңыздар:
Еске салайық, 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған еді. Жол апатынан 15 адам зардап шекті.
Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер 8 жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Астанадағы ірі жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі қамауға алынған болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?