Кәсіпорындар жұмысшылардың жарақат алуына жол бермеу керек – Бектенов

Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында еліміздің қауіпті өндірістік нысандарындағы жарақат алу жағдайларын анықтау мен есепке алу бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялауды осы жылдың 1 қарашасына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбекті қорғау саласындағы біртұтас цифрлық экожүйені құруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде 3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылды
- Мемлекеттік инспекторлар енді кәсіпорындардың қызметін уақытша тоқтата алады
Еңбекті қорғау мәселесінде жұмыс берушілердің өздерінің рөлі мен қатысуы өте маңызды. Жұмыс берушілердің жұмыскерлермен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын қамтамасыз ету қажет.
Жалпы, кәсіпорындарда жарақаттануға мүлдем төзбеушілік қағидатын, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесін белсенді түрде енгізу қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
