Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында жастар театры ашылды. Мәдениет ордасының ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова қатысып, ұжымға ресми тіркеу туралы құжатты тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға қатысқан елімізге белгілі мәдениет өкілдерінің қатарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті режиссер Асхат Маемиров, Канн кинофестивалінің жүлдегері, танымал киноактриса Самал Еслямова, театр және кино актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов бар.
Жастар театры салтанатты шара барысында атақты жазушы-драматург Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасын көрермен назарына ұсынды.
Оқи отырыңыз:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, театр 2014 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде шығармашылық ұжым шетелдік фестивальдерге қатысып, табысты оралып, Атырау облысы мен еліміздегі өзге де өңірлердің тұрғындарын ерекше қойылымдарымен тәнті етті.
Театр ұжымы 2021 жылы Қырымда өткен 23-ші халықаралық «Боспорские огони» ежелгі өнер фестивалінде Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасымен бас жүлдені жеңіп алған. Театр актрисасы Гайни Кукатова «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына ие болды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда театрда 25 актер жұмыс істейді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?