Жаңалықтар

Республикалық театрлар жаңа жылдық мереке қарсаңында 53 мыңға жуық көрермен қабылдады

Республикалық театрлар жаңа жылдық мереке қарсаңында 53 мыңға жуық көрермен қабылдады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 05.01.2024 08:08 461

Республикалық театрлар жаңа жылдық мереке аясында 141 шара өткізіп, 53 мыңға жуық көрермен қабылдады. Оның ішінде 3,8 мың көрермен қайырымдылық негізде театр өнерін тамашалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында 2023 жылдың 28-29 желтоқсан күндері «Контрабас. Жалғыздық. Жаңа жыл түні» моно драмасының премьерасы 2 рет көрсетіліп, 1424 көрерменнің назарына ұсынылды.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жсөспірімдер театрында 22 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында балаларға арналған «Аяз атаның сиқырлы циркі» атты жаңа жылдық қойылым мен мерекелік шырша бағдарламасы 31 рет көрсетіліп, оған 9300 бала қатысты.

Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрында 20-30 желтоқсан аралығында «Жаңа жылдық калейдоскопы» атты 31 спектакль көрсетілді. Оның ішінде «Sats Social Day» әлеуметтік жобасы аясында 4 қайырымдылық спектакль көрермен назарына ұсынылды.

Оқи отырыңыз: 

Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрында 22-30 желтоқсан аралығында «Пламенное сердце», «Здравствуй, Герда, Новый год» қойылымдары 26 рет көрерменге ұсынылып, 13 мыңнан астам көрерменді қабылдады.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында президенттік шыршаға қатысқан балалар «Золушка» қойылымын тегін тамашалады. Сонымен қатар 3 мыңнаң астам көрермен «Астана Опера» театрының балалар балет студиясының «Новогоднее конфетти» концерті мен С.Прокофьевтің «Золушка» балетін тамашалай алды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жаңа жылдық мереке аясында «Летучая мышь» опереттасы, «Щелкунчик» балеті, «Золушка» операсы сияқты 7 қойылымды 5 мыңға жуық көрермен тамашалады.

«Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балетін 3 мыңға жуық көрермен көрді.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жаңа жылдық мереке қарсаңында көрермен назарына Қ.Жиенбайдың «Патша көңілім, не дейсің?» комедиясы ұсынылды.  Екі күн ішінде бұл қойылымды 1200 адам тамашалап үлгерген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға