22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырауда азаптау күдігіне ілінген 5 полицейдің ісі сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы қаңтардан бастап азаптау туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.
Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында азаптауды прогрессивті қоғамның қағидаларына қайшы келетін орта ғасырлардан қалған жабайылыққа теңеді. Атырау облыстық прокуратурасы адамдарды азаптады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-б өлімінің 1-тармағымен қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады. Полиция қызметкерлері биылғы ақпанда алдын ала сөз байласып, азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді. Еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді, -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев