Жаңалықтар

Алматы білім басқармасы оқушыларды жазғы лагерьдің орнына саунаға жіберген

Алматы білім басқармасы оқушыларды жазғы лагерьдің орнына саунаға жіберген
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна 17.07.2023 14:45 964

Алматылық оқушыларды демалсын деп жазғы лагерьге емес, саунаға жіберген. Бұл туралы Алматы тұрғыны Ирина Ким әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы тұрғыны Ирина Ким «Арман дала» лагерінде түсірілген фото-видеоларды желіге салды. Оның айтуынша, екі күн бұрын Жетісу ауданының оқушылары аталған лагерьге демалуға аттанған.

Кешкі уақытта балалар ата-анасына өздерінің қалай орналасқаны туралы фото, видеолар жібере бастады. Ата-аналар оны көріп шошып кетті. Көбі балаларын алып кетуге келіп, осы видеоны түсірді. Балалар мен ата-аналар қандай сезімде болғанын елестете аласыз ба? Бұл үшін кім жауап береді? - деп жазды желі қолданушысы.

Осыған орай Алматы әкімдігі түсінік берді. Әкімдіктің мәліметінше, қалалық білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыруда жауапсыз қызмет көрсеткен ұйымдармен соттасады. Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС компаниясына қатысты жауапсыз жеткізуші деп тану және одан әрі мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салу туралы талап-арыз дайындалып жатыр. Басқарма қызмет көрсетушінің мемлекеттік сатып алу талаптарына толық сәйкес келгенін түсіндірді.

Мәселен, 13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру жөнінде шарт жасалған, 15 шілдеде білім басқармасы қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі келді. Тиісті талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйіне апару процесі шұғыл басталды. Қазіргі уақытта лагерьде бала қалған жоқ. Жақын арада мектеп оқушылары демалыс ережелері қатаң сақталатын лагерьлерге жіберіледі.

Қызмет көрсетушімен ағымдағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану жөнінде талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында қала сыртындағы бүкіл лагерьлер тексеріледі. Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы үнемі есеп береді, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға