Жаңалықтар

Маңғыстауда жаппай төбелеске қатысқан 6 жігіт ұсталды

Маңғыстауда жаппай төбелеске қатысқан 6 жігіт ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 17.07.2023 14:35 748

15 шілде күні түнгі 03:30 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінде төбелес болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады.

Бұл оқиға Бейнеу аудандық сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 239-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиғаның жай-жапсары айтылған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға