1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҰлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Қанат Құлназаров елордадағы коммуналдық тарифтер 1 шілдеден бастап қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда департамент табиғи монополия субьектілерінің бәрінің тарифіне ұсынылған түзетулерді бекітті. Бұл тарифтер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді. Тек жылу энергиясының жаңа тарифі ғана 1 тамыздан бастап қолданысқа енеді, - деген комитет өкілі су тарифіне жеке тоқталды.
Оқи отырыңыз:
Астана қаласының сумен жабдықтау және су бұру саласында «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсетеді. Бекітілген тариф аясында мынандай шаралар көзделген:
Біріншіден, су бұру желілерін жөндеп, реконструкциялауға, қондырғылар мен арнайы техниканы жаңартуға 1,2 млрд теңге қосымша инвестиция бөлу. Екіншіден, электр қуатына жұмсалатын шығынды арттыру. «Астана арнасы» үшін бұл стратегиялық тауар болып есептеледі. Үшінші кәсіпорын жұмысшыларының орташа номиналды айлықтарын өсіру. Осы айтылған фактілерді есептесек, сумен жабдықтау және су бұру тарифі халық үшін орта есеппен 10 теңге айналасында өзгертілді. 1 текше метр суық судың тарифі 48 теңгеден 58 теңгеге дейін, су бұру тарифі 7,5 теңгеге өседі. Негізі кәсіпорын тарифті 21 теңгеге немесе 37 пайызға өсіру туралы өтінім берген болатын», - деді Қанат Құлназаров.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?