Жаңалықтар

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ әйелге іздеу жарияланды

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ әйелге іздеу жарияланды
Фото: El.kz 14.07.2023 12:30 502

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деп күдік келтіріліп отырған әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша күдікке ілінді.

Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға