Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада Мұхамеджанов көшесі бойындағы көпқабатты тұғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға 12-қабатта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктерге сағат 21.30-да өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жануы, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталған.
Қызыл жалын сағат 21.51-де ауыздықталып, 21.55-те толықтай сөндірілді. Оны сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда өрт аумағы анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс