Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсРадиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылар жарысты Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойына орайластырды. Оған 8-12 жас аралығындағы 15 шахматшы қатысты.
Жас спортшыларды институт басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Медғат Мадрахимов құттықтады. Ол әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің арқасында әскери институтта шахмат турнирін өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы интеллектуалды сайыстың ауқымы кеңейетініне сенім білдірді.
Турнир "блиц" форматында өтті. Соған сәйкес әр ойыншыға шектеулі уақыт берілді. Шахматтың бұл түрі спортшыдан жылдам әрекет ету мен жақсы дайындықты талап етеді.
Инстутит баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шахмат турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды 8 жастағы Марат Рахымжан жеңіп алды. Екінші орынға Ален Ардақұлы, үшінші орынға Жасұлан Ержан табан тіреді.
Ойын қызықты, ал қарсыластар мықты болды. Бірақ мен жеңіске жетуді мақсат еттім. Ұйымдастырушыларға турнирге қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, – деді турнир жеңімпазы Марат Рахымжан.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды