Жаңалықтар

Шахматта эмоцияға берілуге болмайды – өзінен үлкендерді жеңген 12 жастағы Айару

Шахматта эмоцияға берілуге болмайды – өзінен үлкендерді жеңген 12 жастағы Айару
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан 22.01.2024 18:17 1452

Жақында Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 12 жасар Айару Алтынбек 18 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып алтын жүлдеге ие болды. Алда Айаруды Бразилияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Ол осы жасына дейін шахматтан әлем чемпионы, Қазақстанның 2 дүркін, Астана қаласының 4 дүркін чемпионы және бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерген. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі үлкен турнирге жолдама алған Айарудың дайындығы мен әсерін сұрап, аз-кем сұхбаттасты.

El.kz: Айару, жақында шахматта жеткен кезекті жетістігіңмен құттықтаймын. Қандай әсердесін?  

Айару Алтынбек: Рахмет! Әрине, өте қуаныштымын. Мен  әрқашан маңызды турнирлерде ойынның соңына дейін күресемін,  шахматта эмоцияға берілсең ұтылып қаласың. Сондықтан өзімді ұстауға тырысамын және ата-анамның, тренерлерімнің қолдауы мен үшін өте маңызды. Олардың мотивациясымен ойында өзімді еркін ұстаймын!

El.kz: Неліктен таңдауын дәл шахматқа түсті? 

Айару Алтынбек: Шахматпен 6 жасымнан бастап айналыса бастадым.Қазір Астанадағы №9 мамандандырылған «Зерде» мектебінде оқып жүрмін. Үйде ағам  шахмат ойнайды және математикадан республикалық олимпиаданың 2 дүркін жеңімпазы. Ең алғаш шахматты сол Ерасыл ағам үйретті. Сол кезден бастап шахматқа деген қызуғышылығым оянды. Ағам да жақында Алматыда өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Үйде екі жұлдызбыз.  

Шахматта эмоцияға берілуге болмайды – өзінен үлкендерді жеңген 12 жастағы Айару

Шахматта эмоцияға берілуге болмайды – өзінен үлкендерді жеңген 12 жастағы Айару

El.kz: Шахматтан басқа тағы қандай спорт түріне қызығасын?

Айару Алтынбек: Шахматпен 6-7 сағат айналысқандықтан басқа үйірмелерге уақытым жоқ. Сабаққа да көңіл бөліп үлгеруім керек. Мен үшін шахматтың орны бөлек. 2023 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен шахматтан әлем чемпионатында 12 жасқа дейін қыздар арасында әлем чемпионы атандым. Қазақстанның 2 дүркін чемпионымын,  2022 жылы Шри- Ланкада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегерімін, Астана қаласының 4 дүркін чемпионымын,  көптеген халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазымын,  мектебімнің «Жыл оқушысы» атағына ие болдым. Астана қаласы бойынша дарынды балалар арасында «Ең үздік» жобасының жеңімпазы атандым.

El.kz: Кумирің кім?

Айару Алтынбек: Мен атақты норвегиялық шахматшы Магнус Карлсенді үлгі тұтамын. Маған оның ойнау әдісі ұнайды. Әрдайым өзіне сенімді, алғыр және қарсыласын оңай ұтады. Ол 16 рет әлем чемпионы болған. Мен де кумирім сияқты болашақта әйелдер арасында шахматтан әлем чемпионы болуыды армандаймын.

El.kz: Саған алдағы үлкен турнирге сәттілік тілейміз!  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға