Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБлогер Әсел Асқарды соққыға жыққан ер адам қамауға алынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Сотпен ағымдағы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес-клубта азамат М.-ның жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, А.-ға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны анықталды. Сот отырысында күдікті іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, жасаған әрекетіне ішінара өкінді, - делінген ақпаратта.
Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшының қолынан таяқ жегенін айтқан еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады