Жаңалықтар

Тележүргізуші Әсел Асқарды танымал әлем чемпионы соққыға жықты

Тележүргізуші Әсел Асқарды танымал әлем чемпионы соққыға жықты
Фото: instagram.com/assel.askar 17.08.2023 10:40 11613

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшының қолынан таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Instagram желісінде видео жариялап, өзін «Рояль» фитнес клубында ер адам бірнеше рет ұрғанын мәлім етті. Ер адамның грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан екені белгілі болды. Сондай-ақ блогер оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанын айтты.

Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Медеу аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық. Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын, - деді Әсел Асқар видеода.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)

Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (»Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында, - деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға