22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов туған топырағында, Арыстанбаб кесенесі маңына жерленетін болды. Бұл ақпаратты жазушы Құдияр Біләл әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Мәліметке сәйкес, марқұмды шығарып салу рәсімі 21 сәуір күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында сағат 09:00-де өтеді. Ал 22 сәуірде ақынның денесі Арыстанбаб кесенесі маңындағы, академик Өмірзақ Айтбаев пен сатирик Көпен Әмірбек жерленген зиратқа қойылады.
Айта кетейік, бұған дейін ақын Алматы қаласында жерленеді деген ақпарат та тараған еді. Онда марқұмды «Кеңсай-2» зиратына жерлейді, қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де опера және балет театрында өтіп, сағат 11:30-да жер қойнына тапсырылады делінген болатын. Алайда кейінірек нақты мәлімет жарияланып, ақынның соңғы тілегіне сай Отырар өңірінде жерленетіні белгілі болды.
Бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова оның ең соңғы әрі маңызды тілегі – Отырар өңірінде, Арыстанбаб кесенесі маңына жерлену екенін айтқан болатын. Бұл киелі орын – ұлы ойшыл, сопылық ілімнің негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Ясауинің рухани ұстазы әрі туысы саналған Арыстанбабпен байланысты тарихи мекен.
Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиеті мен руханиятында айрықша орны бар тұлға. Ол ақын, жазушы, драматург қана емес, қоғамдағы өткір мәселелерге үн қатқан қайраткер ретінде де танылды. Еңбек жолын журналистикадан бастап, «Жалын» журналының редакторы болды. Кейін КСРО Жоғарғы кеңесінің және Қазақстан Мәжілісінің депутаты ретінде ел мүддесін қорғап, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Кремль мінберінен батыл пікір білдірген санаулы тұлғалардың бірі атанды. Сондай-ақ шетелдіктерге жерді жалға беруге қарсы қозғалысты бастап, «Халық рухы» партиясын басқарды.
Ел алдында сіңірген еңбегі үшін оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы беріліп, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары марапатына ие болды. Ол халық жадында ұлттық рух пен шынайы патриотизмнің символы ретінде сақталып қалды.
Ақын 19 сәуір күні – 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев