Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбеде облысында болған жол апатынан қаза тапқан сегіз адамның тең жартысы - оқушылар, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан хабарлады.
Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде, — деді ол.
Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі - бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді