10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөпшілікке Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев «Мархабат» бағдарламасында «Қашан үйленесің?» деген сұрақтың жиі қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маған «Жасың 28-ге келді. Әлі күнге дейін жүресің бе?» деп көп айтады. Үйдегі әр тақырып: киім іздесең - үйлен, қарның ашса - үйлен, шұлықтарыңды таба алмасаң - үйлен, достарыңмен кездессең, шаршадым десең - үйлен. Бәрі осыған келіп тіреледі. Ауырсам, дәрігерлердің өзі «сізге үйлену керек» деп айтады, - деді әнші.
Оқи отырыңыз:
Ернар Садырбаев бүгін ғана өзінің Астанадағы үйінің құрылысын аяқтаған.
Әке-шешеммен кешке шай ішіп, әңгімелесіп отырғанда «концертімді өткіздім. Енді көлігімді өзгертсем, тағы да ананы алсам, мынаны бүйтсем» десем, әкем «айналайын, бізге ештеңе керек емес, үйге бір қыз алып келші» деп айтады. Мақсаттар негізінде бітпейді. Үйдің құрылысын бүгін ғана бітірдім. Осы жобамен 2 жыл жүрдім. Жұмыс, үй бар, енді үйлену ғана қалды. Бірақ үйлену керек деп үйленгім келмейді, - деді Amre.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді