Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылып, 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде қабырғасында жарықтар пайда болған мектептің видеосы тарады.
Желі қолданушылары кадрдың астына «бұл қаладағы құрылыстың сапасын көрсетеді», «мектептің қабырғалары бұған дейін де осылай болған» деп жазды.
Аудан әкімдігі желіде тараған видеоға байланысты мәлімдемесінде 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді. Алайда, олар жер сілкінісінен кейін жарықтар 10 сантиметрге дейін кеңейген.
Оқи отырыңыз:
Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Бүгін сағат 14: 17-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қала аумағында болған жер сілкінісі 2 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы MPV 4.9.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады