Жаңалықтар

Былтыр Қазақстанға қанша Ресей азаматы келген?

Былтыр Қазақстанға қанша Ресей азаматы келген?
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 26.01.2024 15:50 753

ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің еңбек көші-қоны басқармасының басшысы Әлжан Мәди өткен жылы Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Былтыр Ресейден 31 мың Ресей азаматы келді. Олар Қазақстанға жұмыс істеуге уақытша келді. Кейін өз еліне қайтады, - деді Әлжан Мәди.

Бұған дейін көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев былтыр  Қазақстанға 21 мың этникалық қазақ көшіп келгенін мәлімдеді.  Сөзінше, бұл соңғы 10 жылда болмаған оң динамиканы көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға