Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда 57 жастағы ер адам жанып жатқан үй ішінде қалып қойған. Тұрғынға құтқарушылар дер кезінде көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 6 наурыз сағат 18.58-де Медеу ауданының "Восточки" ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт көрші тұрған 2 қабатты үйдің шатырына дейін жеткен. Алдын ала бойынша қызыл жалын алаңы 250 шаршы метрді аумақты құраған.
Өрт сағат 19.18-де оқшауланып, сағат 20.02-де сөндірілді. Оны сөндіруге Алматы қалалық ТЖД 20 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.
Төтеншеліктердің мәліметінше, барлау және сөндіру барысында 1967 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде көрші үйге өрттің таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді